Технология
2 мин оқу 354

«Ақылды» аймақтар

<p style="text-align: justify;">Шанхай қаласында дәстүрлі Huawei Connect 2020 дәстүрлі конференциясы өтті. Дүние жүзі бойынша 5G желісінің дамуына орай ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторында жаңа мүмкіндіктер ашылғаны белгілі. Сондықтан биылғы конференцияның негізгі тақырыбы байланыс, бұлтты технология, жасанды интеллект, озық есептеулер мен өнеркәсіптегі қосымшалардың өзара әріптестігіне арналды.</p>

«Ақылды» аймақтар

Конференцияда сөз сөйлеген Huawei компаниясының бас­қарма төрағасы Го Пин кәсіп­орындардың және үкімет­тер­дің басқару жүйелерін жетіл­дірудегі, сондай-ақ «ақылды» кәсіпорындар, ғимараттар және қалалар құрудағы озық тәжірибелері туралы айтты. Оның сөзіне қарағанда, қытайлық компания өзінің серіктестерімен бір­лесіп кәсіпорындарға цифрлан­дырудың көмегімен бизнесті дамытуға, ал үкіметтерге бас­қару сапасын арттыруға кө­мектесіп, ақпараттық-ком­му­никациялық технологияларды енгізуде.

– Үкіметтер мен кәсіпорын­дар цифрлы форматта жұмыс істеуге көшіп, жасанды интел­лектіні меңгерген сайын ақпа­рат­тық-коммуникациялық тех­но­логиялардың алдында теңдесі жоқ зор мүмкіндіктер ашыла түседі, – деді ол.

Бұлтты сервис саласында Huawei бүгінгі таңда әлемнің 23 аймағын қамтып, 1,5 млн-нан астам әзірлеушіні қатарына тартқанын айта кету керек.

Сондай-ақ конференция­да Шэньчжэнь қаласының мэрі Чэнь Жугуй сөз сөйледі. Бұл қала бүгінгі таңда әлемнің «ақыл­­ды» орталықтарының бі­рі­­не арналу бағытында жұмыс іс­теп жатқанын айта кету керек. Кремний аңғарының баламасы ретінде Қытайда қолға алынған «Үлкен шығанақ» жобасы да осы қаланы қамтиды.

– «Үлкен шығанақ» жобасы туғызған мүмкіндіктерді Гуан­дун, Гонконг және Макаомен қатар Шэньчжэнь аймағы да барынша пайдалануға тырысады. Huawei компаниясының және басқа озық технологиялардың артықшылықтарын қолда­ну­дың, сонымен қатар «ақылды» ғима­рат­тарды салудың нәти­жесінде біздің қаламыз күннен-күнге «ақылды» болып келе жатыр. 5G технологиясы ұсынған мүм­­кіндіктерді біз барынша қол­даймыз, 5G-ді түрлі са­ла­­ларға белсенді енгіземіз, өнер­­­кәсіптік интернетті да­мы­тамыз. Сонымен қатар ша­ғын және орта бизнестегі кәсіп­орындардың цифрлы түр­ле­нуіне қолдау көрсетеміз. Біз тех­­нологиялардың өмірді жақ­сартатын, қалаларды барынша қарқынды дамытатын әлеуеті бар екеніне сенеміз, – деді ол.

Отыз жылдан астам тарихы бар Huawei ақпараттық-ком­­муникациялық технологиялар саласындағы әлемдік алпауыттардың бірі екені бел­гілі. 194 мыңнан астам қыз­­мет­­­кері бар компания әлем бо­йынша 170-тен астам елдегі 3 млрд-дан астам адамға «ақыл­ды» құрылғы мен цифр­лы ин­фра­құрылым ұсыну сынды қыз­мет көрсетеді.

Бөлісу:
«Ақылды» аймақтар · Egemen Qazaqstan