Аймақтар
1 мин оқу 196

Еліміздің төрт облысында құс өлімі тоқтады

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы ОКҚ брифингінде Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдулданов мәлімдеді,&nbsp; деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

"Өткен тәулік динамикасы өлім-жітімнің төмендеуін көрсетеді. Сонымен, өткен тәулікте құстардың қырылуы Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды ​​облыстары мен Шымкентте тоқтады. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында өлім деңгейі төмендеуде", деді ол.

Жалпы, құс өлімі 7 облыстың 41 ауданындағы 99 елдімекенде тіркелді. 23 854 бас жеке шаруа қожалықтарында жойылды. Екі құс фабрикасындағы өлім-жітімді есепке алғанда, өлген құстардың жалпы саны 330 мың бастан аспайды.

Бөлісу:
Еліміздің төрт облысында құс өлімі тоқтады · Egemen Qazaqstan