Қазақстан
1 мин оқу 365
Құс тұмауының базардағы тауық етіне әсері бар ма?
<p style="text-align: justify;">Базарлардағы тауық өнімдерінің қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген. Бұл туралы ОКҚ онлайн-брифингінде АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов айтты.</p>
"Тауық өнімдері базарларға ветеринарлық құжаттармен және ілеспе қағаздармен келеді. Ілеспе қағаз берген кезде ол өнімдердің бәрі тексеруден өтеді. Өнімді тексеретін лабораторияның сараптамасы шыққаннан кейін оған ветеринарлық анықтама беріледі. Өнім базарға жеткізілген кезде сол жақта ветеринар инспекторлар тағы тексеріс жүргізеді", дейді Қабдолданов.
Бөлісу:
