Елбасы
1 мин оқу 296

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

<p style="text-align: justify;">Кездесуде Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына карантин кезеңінде елде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар, сондай-ақ жеке құрамды эпидемиядан қорғау жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа ішкі істер органдарының халықпен өзара іс-қимылын жақсарту, олардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынылды.

– Мемлекеттік органдардың қоғам үдесінен шыға білгені жөн. Жұртшылықпен тікелей диалог орнатып, азаматтармен кері байланысты жақсарту үшін қазіргі "платформалардың" жұмыс форматын қайта қарау қажет. Басты мақсат – халықтың құқық қорғау жүйесіне деген сенімін және оның қызметінің тиімділігін арттыру, – деді Елбасы.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Президенттің жергілікті полиция қызметін одан әрі реформалау және елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын сапалы орындаудың маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу:
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады · Egemen Qazaqstan