Елорда
1 мин оқу 360

Тұран даңғылы мен Қорғалжын тасжолының қиылысында қозғалыс жабылады

<p style="text-align: justify;">Тұран даңғылы мен Қорғалжын тасжолының қиылысында қозғалыс ішінара жабылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Орташа жөндеу аясында Тұран даңғылы Қорғалжын тасжолының қиылысында жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты 3-4 қазанда қозғалыс ішінара жабылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін бағдарын алдын-ала жоспарлауы керек. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", делінген көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.

Бөлісу:
Тұран даңғылы мен Қорғалжын тасжолының қиылысында қозғалыс жабылады · Egemen Qazaqstan