Аймақтар
1 мин оқу 690

Оралда жол апатынан екі адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">05 қыркүйек күні 00 сағат 10 минутта Орал-Саратов тас жолында болған жол апатында екі адам қаза тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оралда жол апатынан екі адам қаза тапты

Оқиға Переметное ауылы тұсында болған. Ақтөбе облысында тіркелген "Honda Odyssey" маркалы автокөлігі мен мемлекеттік нөмірі 128 FTA/07 "Volvo-440" автокөлігі қақтығысып, екінші көліктегі екі адам мыжылған темірдің арасында қалған. Олар сол жерде жан тапсырған.

1

Апат орнына Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы жетіп, марқұмдардың денесін алып шықты. "Жол-көлік оқиғасы кезіндегі жұмыстар 01 сағат 05 минутта аяқталды", деп хабарлады төтеншеліктердің баспасөз қызметі.

Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Оралда жол апатынан екі адам қаза тапты · Egemen Qazaqstan