Елорда
1 мин оқу 311
Нұр-Сұлтанда судың бағасы өседі
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана су арнасы" МКК мекемесі судың бағасы өседі деп болжам жасап отыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Бүгін Алматы аудандық әкімдігі қабырғасында өткен қоғамдық тыңдау кезінде мекеме басшылығы арнайы жоспармен таныстырды. Жоспар бойынша сумен қамту және су тарту тарифі шамамен 40-тан астам процентке өсуі ықтимал. Мұны мамандар инфляциямен және шығын көлемінің артуымен түсіндіреді.
"Астана су арнасы" МКК бас директоры Табиғат Зейнулқабден: "Бүгінгі күні біздің тариф бойынша орташа есеппен санаған кезде ауызсу 94 теңге, кәріз 86 теңге, енді 44 пайызға суды, сосын кәріз бағасын 137 пайызға көтереміз деп отырмыз", дейді ол.
Бөлісу:
