Қаржы
1 мин оқу 360

Ұзақ мерзімді депозит мөлшерлемелеріне түзету енгізді

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) тең&shy;ге&shy;лік депозиттер бойынша 2020 жылдың қараша айына ұсы&shy;&shy;ны&shy;ла&shy;тын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекіткенін хабар&shy;лады.</p>

Ұзақ мерзімді депозит мөлшерлемелеріне түзету енгізді

Қазан айына арналған мөл­шер­лемелермен салыс­тыр­ған­да шекті мөлшерлемелерге қатысты өзгерістер ұзақ мер­зім­ді депозиттер бойынша орын алды. Бұл мөлшерлемелер на­рық­тағы өзерістерге байланысты есептеледі, яғни олардың жоғарылуын немесе төмендеуін банк секторы қалыптастырады.

Сонымен 12 және 24 айға шақ­талған мерзімді депозиттер бойынша нарықтық мөл­шер­лемелердің төмендеуі нәти­же­сінде олар бойынша шекті мөл­шерлемелер сәйкесінше 0,4 және 0,1 пайыздық тармақ­қа азайды. Төмендеуге қатыс­ты бұл үрдіс банктердің дәл осы депозиттерге деген қызы­ғу­шы­лығының төмендігін көрсетеді. Өйткені жинақ депозиттермен салыстырғанда олардың ұтқыр­лы­ғы жоғары.

Бұл ретте пайыздық мар­жа­ның карантиндік шара­лар­дың әсерінен орын алған эконо­ми­ка­лық құлдыраудың себебінен ықтималды төмен­де­генін ескерер болсақ, 24 айға арналған жинақ депозит­тер бойынша нарықтық мөл­шер­лемелердің 0,3 пайыздық тармаққа төмендеуі банктердің қор жинауда сақтану саясатына көш­кенін білдіреді.

Ұлттық валютадағы бас­қа де­позиттер бойынша ұсы­ны­ла­тын ең жоғары сыйақы мөл­­шерлемелері бұрынғы дең­ге­йін­де қалды.

Бөлісу:
Ұзақ мерзімді депозит мөлшерлемелеріне түзету енгізді · Egemen Qazaqstan