Жарнама
 
Елорда
1 мин оқу 132

Нұр-Сұлтанға ұшып келген 101 жолаушы стационарға жатқызылды

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан әуежайынан карантиндік стационарға 101 жолаушы жіберілді.&nbsp;Бұл туралы елордалық әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="https://egemen.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Нұр-Сұлтанға ұшып келген 101 жолаушы стационарға жатқызылды

9 қазанға қараған түні елорда әуежайына алты ұшақ қонды. Рейстерді Air Astana, Turkish Airlines, Belavia және Flydubai әуе компаниялары жүзеге асырды.

"101 жолаушының ПТР-тестілері жоқ немесе мерзімі өткен. Олар стационарлық карантинге жатқызылды. ПТР тестін тапсырғаннан кейін оларды үйлеріне жібереді, оң нәтиже болған жағдайда инфекциялық стационарға жіберіледі", деп хабарлады әуежай әкімшілігі.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтанға ұшып келген 101 жолаушы стационарға жатқызылды · Egemen Qazaqstan