Аймақтар
1 мин оқу 474

Еріктілер ағаш екті

<p style="text-align: justify;">Ару Алматыда күзгі ағаш егу науқаны қызып жатыр. Жас пен кәрі жасыл желекке оранған жазира қаланы гүлдендіруге өз еріктерімен үлес қосуда. Басты мақсат &ndash; қаланың көркіне сән беретін ағаш қорын арттыру.</p>

Еріктілер ағаш екті

Жастар ресурстық орталы­ғы­ның бір топ еріктісі қаладағы Нұркент  шағын ауданына елу­ден астам  алма ағашын отыр­ғызды. Жастарды игі бастамаға жұмылдырған «Эко-Алматы» акциясы «Шетcіз қала» және «Жасыл қала» бағдарламалары аясында жүзеге асып отыр. Осылайша волонтерлер қала­дағы бос жерлерді гүл­денді­руді көздейді. Жалпы, ак­ция аясында тағы да басқа аумақ­тар қамтылатын болады. Ал­маның отаны саналатын Алматыда алма ағашын көптеп отырғызудың өзіндік символикалық мәні бар.

«Алматы қаласының демалыс орталықтары және 8 ауданда орналасқан Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері мен волонтерлері «Эко-Алматы» таза қала акция­сын жалғастыруда. Жобаның мақсаты – қаламызды одан әрі құлпырту. Алма мен Ал­ма­­ты егіз ұғым. Еліміздің әуе қақпасы саналатын оң­түс­­тік астанамызға келген шетелдіктер көз алды­на ал­маның атасы атанған қала қан­дай екен деп елес­тетіп келеді. Шаһар­дың әр бұ­­ры­шында алма өсіп тұрса қан­­дай жарасымды болар еді. Біз­­дің басты тілегіміз де осы. Бұл іске әрбір азамат белсенді түрде үлес қосуға тиіс.  Тек науқан ретінде қабылдамай, өзі еккен ағаштың жетіліп өсуін қадағаласа игі», – дейді Алатау аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Нұр­сұлтан Сембаев.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Еріктілер ағаш екті · Egemen Qazaqstan