Білім
1 мин оқу 320

77 оқулық қазақшаға аударылды

<p style="text-align: justify;">Гуманитарлық бағыттар бо&shy;йын&shy;ша әлемнің үздік уни&shy;вер&shy;&shy;ситеттерінің 77 оқулығы қазақ тіліне аударылып, басы&shy;лып шығарылды. Жаңа оқу жылы қарсаңында оқулықтар еліміздің барлық жоғары оқу орын&shy;дарына жеткізілді. Бүгінгі таңда аударылған тағы 23 оқу&shy;лық&shy;ты басып шығару және та&shy;рату бойынша жұмыстар жал&shy;ға&shy;сып жатыр.</p>

77 оқулық қазақшаға аударылды

100 шетелдік оқулықты қазақ тіліне аудару «Жаңа гума­ни­тарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы шең­бе­рінде жүргізіліп жатыр. Атал­ған жобаның жұмысы Қа­зақ­стан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назар­баев­тың тапсырмасы бойынша 2017 жылдан басталған.

Барлық оқулықтар жоғары оқу орындарындағы оқу про­це­сінде, соның ішінде жұмыс бағ­дар­ламаларын әзірлеу, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша дәрістер оқу, студенттер мен ПОҚ-тың ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланылатынын айта кеткен жөн.

Осылайша, бұл жоба қазақ­стан­дық студенттерге үздік әлемдік үл­гі­лер негізінде оқуға мүмкіндік береді. Яғни студенттердің тарих және сая­саттану, әлеуметтану және философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары саласындағы заманауи трендтерге сәйкес білім алуы үшін жағдай жасалған. Оқулықтар https://100kitap.kz/ru/books және https://openu.kz/kz/books сайттарында жарияланған. Сонымен қатар аударылған оқулықтар бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі видеокурс­тар әзірленіп, www.OpenU.kz порталында орналастырылған.

Бөлісу:
77 оқулық қазақшаға аударылды · Egemen Qazaqstan