СҚО-ның екі аудан орталығында алты блокбекет қойылды
<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысының екі аудан орталығында алты блокбекет қойылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Тәртіп сақшылары тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімшелерінің мамандарымен, дәрігерлер мен әкімдік өкілдерімен бірлесіп блокбекеттерде кезекшілік етеді.
"Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласында блокбекеттер 9 қазаннан бастап қойылды. Қазір аудан орталығына кіруді бірден төрт блокбекеттің қызметкерлері бақылайды. Мамлют ауданының Мамлютка қаласында екі блокбекет жұмыс істейді. 12 қазан күні сағат 00.00 - ден бастап жұмыс істей бастады", делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 9 қазаннан бастап Булаев қаласы қатаң карантинге жабылды. Сонымен қатар, Мағжан ауданында да карантин енгізілді.