Әлем
1 мин оқу 280

Дания 2,5 миллион құндыздың көзін жоймақ

<p style="text-align: justify;">Данияның ветеринарлық мамандары коронавирус анықталған құндыздарды жоюға кірісті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://ru.euronews.com/2020/10/13/denmark-mink-slaughter">euronews.com</a> сайтына сілтеме жасап.</p>

Ветеринарлық мамандар екі жарым миллион жануарды инфекцияға байланысты жоймақшы. Инфекция 63 аң терісін өндіретін фермалардан табылған. Ол жердегі жануарлар ғана емес, "қызыл" аймақтан сегіз шақырым радиуста ұсталған құндыздар да жойылады.

Қазір сарапшылар жануарлардың коронавирусты қалай жұқтырғанын және ол адамға беріле ме деген сынды зерттеулер жүргізіп жатыр. Инфекция маусымдық қызметкерлерді жалдау кезінде фермаларға енуі мүмкін деген болжам бар.

Айта кетейік, Дания – қымбат бағалы аң терісін әлемдегі ең ірі экспорттаушылардың бірі.

Бөлісу:
Дания 2,5 миллион құндыздың көзін жоймақ · Egemen Qazaqstan