Аймақтар
1 мин оқу 321

Осы аптада елордада қандай қойылымдар мен көрмелер өтеді

<p style="text-align: justify;">Қаланың мәдениет ошақтарында бірқатар концерт, көрме мен қойылымдар жоспарланған, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Келушілер арақашықтық пен маска тағу тәртібін қатаң сақтап, санитайзер қолдануы керек.</p>

Тәуелсіздік сарайында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Династия Аканаевых», «Движение в пространстве» көрмелері өтеді.

14 қазанда сағат 11: 00-де өнерсүйер қауым үшін «Стринг-арт лошадь» бейне сабағы жоспарланған. String art - «жіптер өнері», картонға немесе басқа қатты затқа жіппен кескін салудың графикалық техникасы. Мастер-классты Instagram-дағы @tauelsizdik_sarayi сілтемесінен және Facebook-тен facebook.com/tauelsizdik.sarayi - парақшаларынан көруге болады.

Nomad City Hall-да 15 қазанда сағат 19:00-де «Қыз Жібек» қойылымы, 17 қазанда сағат 18:00-де - «Мерекелік меню» өтеді.

«АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде «Алаш», «АЛЖИР» мұражайының залына экскурсия жалғасуда.

Мемлекеттік академиялық филармония 13 қазанда сағат 19: 00-де Ғ.Жұбанова атындағы ішекті квартет маусымының ашылуына арналған концерт өткізеді. Шара «Астана Операда» өтеді.

15 қазанда сағат 19:00-де «Інжу-Маржан» онлайн-концерті және «Қорқыт» этно-ансамблінің концерттік маусымының ашылуы өтеді. Халық музыкасының білгірлері шараны Instagram: astana_filarmoniya, Facebook: astana.filarmoniya, YouTube: Нұр-Сұлтан филармониясы сілтемелері бойынша тамашалай алады.

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 14 қазанда кіші залда «Смешанные чувства» (мелодрама, Р.Бер), 15 және 16 қазан - «Смешные деньги» (Р. Куни, комедия) спектаклдері өтеді.

Айта кетейік, карантинге байланысты барлық концерт, қойылым мен көрмелер шектеулі көрермендер санымен өткізіледі.

Бөлісу:
Осы аптада елордада қандай қойылымдар мен көрмелер өтеді · Egemen Qazaqstan