Қоғам
1 мин оқу 184

Бір орталықта бәрі бар

<p style="text-align: justify;">Өңір жұртшылығына қолайлы жағдай туғызу мақ&shy;сатында халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа ғимаратқа көшірілді. &laquo;Азаматтарға арналған үкімет&raquo; мемлекеттік корпорациясы КеАҚ Атырау облыстық филиалының директоры Мұса Хайруллиевтің айтуынша, бұл бастама Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың &laquo;бір терезе&raquo; қағидатымен іске асырылып отыр. Бұған облыс әкімдігі қолдау білдіріпті.</p>

Бір орталықта бәрі бар

Алты қабатты жаңа ор­талық заманауи талапқа сай жабдықталды. Ғима­рат­тың бірінші қабатын­да цифрлы орталық бар. Мұнда 30 адам бір мез­гілде «өзіне өзі қызмет көрсету» мүмкіндігін пайдалана алады. Ал екінші қа­батта қызмет көрсету залы жұмыс істейді. Зал­дың сыйымдылығы – 100 орын. Бұл залда бір уа­қыт­та 30 қызмет алушыны қабылдауға мүмкіндік жа­са­лып отыр. Үшінші қа­батта әлеуметтік қамсыз­дандыру мекемелері қыз­мет көрсетеді. Жер кадаст­ры және жылжымайтын мү­лікті техникалық тексеру де­партаменті төртінші қабатта тұрғындарды қабылдайды, – дейді М.Хайруллиев.

Сондай-ақ бұл орта­лықта тұрғындарға түрлі мәселеге қатысты кеңес бере­тін кеңесшілерге ар­нал­ған, құжаттандыру мен халықты тіркеу, дайын құ­жат­тарды беру секторлары, балалар ойнайтын шағын бөлме бар. Жаңа ғимаратта азаматтардың операторларды күтпей-ақ, электронды қызметтерді пайдалана беруіне болады. Алайда тұрғындар­дың айтуына қарағанда, жаңа орталыққа жету қиын. Өйткені қатынайтын автобус санының аздығы қолай­сыз­дық тудырып отыр. Осы­ған орай облыс әкімі Махам­бет Досмұхамбетов автобус санын көбейтуді тапсырды.

Атырау облысы

Бөлісу:
Бір орталықта бәрі бар · Egemen Qazaqstan