Ұлы ақынның мұрасы Қазақстан мен Румыния халқын жақындастырады
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемов Румынияның Мәдениет министрі Богдан Георгиумен кездесіп, екі ел арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мүмкіндіктерін талқылады.</p>
Атап айтқанда, Елші сұхбаттасын қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірі мен шығармашылығымен таныстырды, сондай-ақ ү.ж. 10 қыркүйекте Румынияның астанасында Абайдың бюстінің ашылуына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.
Сұхбаттасушылар елшілікте концерттерді одан әрі онлайн режимде трансляциялау үшін ұйымдастыру мәселесін, сондай-ақ Қазақстанда ұлы румын ақыны Михай Эминескудің өлеңдер жинағын қазақ тіліне аудару және шығару мүмкіндігін талқылады.
Сонымен қатар, тараптар тақырыптық музей көрмелері мен экспозицияларды өткізуге өзара қызығушылық танытты.