Оқиға
1 мин оқу 252

Сауда үйінде өрт болды

<p style="text-align: justify;">Өңірлік Төтенше жағдай департаментінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен облыс орталығындағы &laquo;Арай&raquo; сауда үйіндегі болған өрт бойынша баспасөз брифингі өткізілді.</p>

Сауда үйінде өрт болды

Департамент бастығы Ернұр Өтегенов өртке алдымен екінші дәрежелі қауіптілік деңгейі бе­ріліп, кейін үшінші деңгейге ауыс­тырылғанын мәлім етті. Бұ­ған өрттің кеш анықталғаны себеп болған.

– Сауда үйіндегі өрт туралы хабарлама ТЖД-ның бірыңғай диспетчерлік қызметінің пуль­тіне 11 қазанда түнгі сағат 01.00-де ке­ліп түскен. Өрттің жалпы ауда­ны 1 500 шаршы метрді құрап, ғимараттың бірінші және екін­ші қа­баттарында орын алды. Сауда үйі ғи­маратының жалпы ауданы – 7 273 шаршы метр, сау­да алаңдарының аумағы – 3 929,4 шаршы метр, – деді Е.Өтегенов.

Өрт кезінде бутиктер, кеңсе бөлмелері мен шатыр жанған. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, №3 және №4 өрт сөндіру бөлімдерінің  күштерімен өрт  сағат 04.55-те сөндірілді.

Оқиға орнында облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 63 қыз­­­мет­кері мен 12  техника жұ­мыс іс­теді. Оларға «Павло­дар-Во­до­ка­нал» ЖШС тарапы­нан қала­ның ком­муналдық қызметтері жәрдемдесті.

Полиция бөлімінің қызмет­керлері қоғамдық тәртіп­ті сақтау үшін кезекшілікті ұйым­дас­тыр­ды. Қазіргі уақытта өрттің се­бе­бін анықтау бойынша жұ­мыс­ жүргізілуде.

Павлодар

Бөлісу:
Сауда үйінде өрт болды · Egemen Qazaqstan