Өнер
1 мин оқу 360

Жас бишілер жарады

<p style="text-align: justify;">Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері &laquo;Встречи на берегах Невы&raquo; халықаралық хореографиялық ірі өнер фестиваліне қатысты. Олар хореография факультетінің аға оқытушысы Анвара Садықованың жетекшілігімен &laquo;Тұран&raquo; фольклорлық-этнографиялық ансамблінің өңделіміндегі күйші Дәулеткерей Шығайұлының музыкасына қойылған &laquo;Жастар&raquo; нөмірін ұсынды. Мұнда қазақ жастарының рухы мен қуаты айқын көрінеді.</p>

Жас бишілер жарады

Фестиваль осымен оныншы рет өткізіліп отыр. Пандемияға байланысты іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылды.

Айтулы іс-шара Беларусь, Гру­зия, Италия, Қазақстан, Латвия, Ресей және Жапония елдерінен келген хореографиялық ұжымдардың 350-ден аса қатысушысының басын қос­ты. Барлық қатысушы дипломдармен, ал жетекшілері алғыс хаттар­мен марапатталды.

Іс-шара барысында Қазақ ұлттық хореография академиясының проректоры Бибігүл Нүсіп­жа­нова «Встречи на берегах Невы» фести­валінің ұйымдасты­рушылары мен қа­тысушыларына өзінің құттық­тауын жолдады.

«Осы мерейлі сәтті пайдаланып, фестивальдың алғаш құрылуы мен қалыптасуына атсалысқан барлық қатысушыға ризашылығымды біл­діремін. Жыл сайын жобаның ауқымы мен аясы кеңейіп, қатысу­шылардың хореографиялық ше­бер­лігі жаңа биікке көтеріліп ке­леді. Жастар жаңа белестерді бағындырып қана қоймай, өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып жат­қандай. Барша­ңызға ұзақ өмір, табыс және амандық тілейміз» деді Б.Нүсіпжанова.

Айта кетейік, былтыр «Встречи на берегах Невы» фестивалінде Қа­зақ ұлттық хореография акад­емия­сының студенттері «Үздік­тер» атағына ие бол­ған болатын. Сол кеште Ал­мат Шәмшиевтің жетекшілігімен Ақ­қанат Смағұлова мен Жания Қанат халық музыкасына қойылған «Әшекей» хорео­графиялық миниатюрасын ұсынды. Сондай-ақ Анвара Садықованың қойылымындағы Нұр­ғиса Тілендиевтің музыкасына «Аққулар» биін билеп, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болған еді

Бөлісу:
Жас бишілер жарады · Egemen Qazaqstan