Парламент
2 мин оқу 125

Қытайлық әріптесімен онлайн кездесті

<p style="text-align: justify;">Кеше Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Ван Чэнмен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.</p>

Қытайлық әріптесімен онлайн кездесті

Тараптар әңгімелесу бары­сында екіжақты ынтымақ­тас­тықтың, халықаралық ұйым­дар­дағы өзара іс-қимылдың және өңірдегі қазіргі ахуалдың кең ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ 2022 жылы 30 жылдығы атап өтілетін екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды және үдемелі дамуы туралы айтты.

Мәжіліс Төрағасының орынбасары Нұр-Сұлтан мен Бейжің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 28 жыл ішінде қарқынды саяси диалог пен терең экономикалық байланыстар орнап, жан-жақты өзара іс-қимыл серпінді дамып келе жатқанына тоқталды.

Гүлмира Исимбаева әңгіме­лесу барысында бұл екі елдің көш­басшыларының еңбегі екенін, Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының қалыптасуы мен нығаюында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерек­ше рөлін атап өтті. Ал Мем­ле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары және сол ресми сапар барысында бір­лескен мәлімдемеге қол қойы­луы Қазақстан-Қытай қатынас­та­рының жаңа дәуірінің басталуы екеніне назар аударды.

Өз кезегінде Қытай Пар­ла­ментінің өкілі Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үлкен қызы­ғушылық танытып, оларды қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы достық пен тату көршіліктің эталоны деп атады.

Экономикалық өзара іс-қимыл туралы әңгіме барысында тараптар ҚХР-дың «Бір белдеу – бір жол» бастамасына және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» бағдарламасына үлкен көңіл бөлінетінін мәлімдеді.

Бұдан басқа отырыста коро­на­вирус инфекциясы панде­мия­сының теріс салдарын азайту бойынша тәжірибе алмасу үшін екі елдің күш-жігерін үйлес­ті­рудің маңыздылығы атап өтілді.

Осыған байланысты Қытай вице-спикері Қазақстанның елдегі эпидемиялық жағдайдың шиеленісуі кезеңінде көрсеткен көмегі үшін алғыс айтып,  COVID-19 індетіне қарсы жаңа екпе әзірлеп, оны сынамадан өткіз­гені туралы хабарлады. 

Өз кезегінде Гүлмира Исим­баева Қытай дәрігерлеріне кон­сультативтік және тәжірибелік көмек көрсеткені үшін риза­шы­лығын білдірді. Сонымен қатар тараптар эко­номиканы цифр­ландыру, жа­санды интеллект, ауыл шаруа­шылығы, денсаулық сақтау, көлік және басқа да сала­лардағы ынтымақтастықты одан әрі ке­ңейту қажеттігін атап өтті.

Әңгімелесу барысында екі елдің заң шығарушы орган­да­рының сындарлы және серпінді диалог ісіндегі маңызды рөлі атап өтілді.

Кездесуге Мәжіліс депутат­тары Мұхтар Ерман мен Қуаныш Сұлтанов қатысты.

Бөлісу:
Қытайлық әріптесімен онлайн кездесті · Egemen Qazaqstan