Таным
1 мин оқу 580

Сарытұңғиық

<p style="text-align: justify;">Сарытұңғиық (N&uacute;phar l&uacute;tea) &ndash; нимфалар немесе тұңғиықтар (Nymphaeaceae) тұқымдасына жататын, су бетінде қалқып тұратын, судың түбіне беки өсетін немесе суға жартылай батып өсетін көпжылдық гигрофитті өсімдіктер. Сарытұңғиық &laquo;Тарбағатай&raquo; мемлекеттік ұлттық парк аумағынан 2019 жылы Қатынсу өзенінің N 46036.330/ E 081058.282/ координатымен тоған суынан тізімделді. 2020 жылы зерттеу жұмыстары жүргізілді.</p>

Сарытұңғиық

Биіктігі 1,5-2 метрге жетеді. Тамыры жуан (диаметрі 3-10 см-ге дейін), су астын­дағы жапырағы жіңішке, солғын, ал су бетіндегілері ірі, сопақ, пішіні жү­рек­ке ұқсайды. Дара, сары түсті гүлде­рінің ұзын гүлсағағы болады. 4-5 ірі тос­тағанша жапырақшалары, өте көп ұсақ күлтелері бар. Аталығы мен жеміс жапырақшаларының саны көп. Шілде-тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – етженді тұқымша.

Таралу аймағы Қатынсу өзенің ағы­сы баяу, тоғанды су жерінде өседі. Сары­тұң­ғиық – дәрілік өсімдік, тамырында алка­лоид, крахмал, шайыр, илік заттар бар. Емдік мақсатқа өсімдіктің сабағы мен тамырын, жемісін пайдаланады. Тұн­басын өкпе туберкулезіне, бүйрек пен қуық­тың қабынуына қарсы ішеді. Сыраға қай­натыл­ған тамырымен бас жуса шаш жақсы өседі.

Салтанат МӘЖЕНОВА,

«Тарбағатай» МҰТП» РММ Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкері

 

Шығыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Сарытұңғиық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар