Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 165
Уақытша рингке шыға алмайды
<p style="text-align: justify;">Жуырда ғана кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін өткізіп, қар­сыласын екінші раундта сұлатып салған жерлесіміз Жәні­бек Әлім­ханұлына (9-0, 5 КО) жекпе-жек өткізуге тыйым салынды.</p>

Боксшылардың статистикасын жүргізетін Boxrec.com порталының хабарлауынша, Невада штатының атлетикалық комиссиясы 27 жастағы қазақстандық боксшыны осы жылдың 24 қазанына дейін жекпе-жектен уақытша шеттеткен. Ол нокаутқа жіберген аргентиналық Гонсало Кориа (16-4, 6 КО) 9 желтоқсанға дейін шаршы алаңға шыға алмайды.
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 10 қазанда аргентиналық Гонсало Кориамен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен еді.
Бөлісу:
