Қоғам
1 мин оқу 981

Өрт – тіршіліктің жауы

<p style="text-align: justify;">Өрт &ndash; тілсіз жау. Өрт &ndash; адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиянын тигізетін алапат апат. Айтып келмейтін апат табиғатымыздың таптырмас байлықтарына үлкен зиянын келтіреді.</p>

Өрт – тіршіліктің жауы

Сол себепті қоршаған ортаны барынша сақтап қалуға пейілді адамзат баласы өрт қа­уіпсіздігі ережелерін сақ­тауы керек. Жаз және күз мезгіл­дерінде орман алқаптары, ша­руа­шылық жерлер және таулы аймақтарда өрт көп орын алады. Соның салдарынан көп­теген өсімдіктер жанып, құс­тар мен жәндіктер өртке күйіп, опат болады. Өртенген аймақтағы жан-жануарлардың және жән­діктердің тіршілік ету ортасы бұзылады. Өртенген топырақ жер қыртысының өзгеруіне себебін тигізіп, шөл­денуге әкеліп соғады. Тілсіз жау­дың таралуы табиғатқа ғана емес, сонымен қатар елді мекендерге, орман алқаптары мен адам өміріне үлкен қауіп төндіреді.

Өрт болған аймақты қайтадан қалпына келтіруге көптеген уақыт керек. Сол се­бепті, адам өртке жол бермей, табиғатты ба­рынша бағалай білсе дейміз.

Рүстем ИСТЕМЕСОВ,

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің радиобайланыс инженері

 

Шығыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Өрт – тіршіліктің жауы · Egemen Qazaqstan