Қазақстан
1 мин оқу 153

Нұр-Сұлтанға ұшып келген 4 жолаушы депортацияланды

<p style="text-align: justify;">Кеше түнде Ыстамбұлдан мерзімі өткен ПТР анықтамасымен келген Түркия азаматы мен Ресейдің үш азаматы Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан депортацияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Нұр-Сұлтанға ұшып келген 4 жолаушы депортацияланды

"Барлық шетелдік коронавирусқа ПТР анықтамасын 2020 жылдың 9 қазанында жасаған. 

Кеше түнде 9 рейс, 1114 жолаушы келді, олардың ішінде 897 адамда анықтама бар, 217 адамда жоқ, оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласына 4 рейс, 475 жолаушы, анықтамасы бар - 365, анықтамасы жоқ - 110, депортацияланған-4;
Алматыда 4 рейс, 605 жолаушы, анықтамасы бар - 503, анықтамасы жоқ - 102;
Ақтауда 1 рейс, 34 жолаушы, анықтамасы бар - 29, анықтамасыз - 5", деді Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов.

Айта кетейік, ПТР анықтамасыз келген қазақстандықтар тесттен өту үшін екі күндік карантинге жатқызылды.
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанға ұшып келген 4 жолаушы депортацияланды · Egemen Qazaqstan