Аймақтар
1 мин оқу 310

Батыс Қазақстанда балабақша тәрбиешісінен коронавирус анықталды

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысында балақбақша тәрбиешісінен коронавирус диагнозы оң нәтиже берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Батыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаев хабарлағандай, өңірде жалпы 6 903 адам қауіпті кеселді жұқтырған. Оның 3491 науқасы симптомсыз түрімен ауырған. Сондай-ақ ол, облыста короновирусқа шалдыққандардың саны өсіп келе жатқанын атап өтті. Мәселен, тек соңғы 4 тәулік ішінде 18 адам ауру жұқтырып үлгерген.

"Соңғы 4 тәулікте ауру жұқтырғандарға тоқталайын. Олардың арасында 75-80 жастағылар мен Ресейден келген азаматтар да бар. Бөрлі ауданында балақбақша тәрбиешісінен коронавирус анықталды. Балабақшада карантин жарияланды. Бүгін, 16 қазанда ондағы тәрбиешілер мен балалардан және ауру жұқтырған науқастың туыстарынан ПТР-тест алынады", деді Мұхамғали Арыспаев.

Сонымен қатар, облыстық бас санитар дәрігер Ресейде COVID-19 жұқтырғандар санының өсуіне байланысты Батыс Қазақстан облысындағы 4 шекара бекетінде карантин талабы күшейетінін мәлімдеді.

Бөлісу:
Батыс Қазақстанда балабақша тәрбиешісінен коронавирус анықталды · Egemen Qazaqstan