Оқиға
1 мин оқу 465

Екі күнде 154 құқықбұзушылық анықталды

<p style="text-align: justify;">Тараз қаласында &laquo;Құқықтық тәртіп&raquo; жедел алдын алу іс-шарасы өткізілген екі күн ішінде 154 әкімшілік құқық&shy;бұзушылық анықталды.</p>

Екі күнде 154 құқықбұзушылық анықталды

2020 жылғы 13-19 қазан аралығында құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен жол қауіп­сіздігін сақтауды қамтамасыз ету, сон­дай-ақ профилактикалық есепке алу шара­ларын сақтау мақсатында Тараз қала­сының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өт­кізілуде.

Қоғамдық орында алкогольдік ішім­дік­терді пайдаланғаны үшін 35 құқық бұзу­шы, кәмелетке толмағандардың заңды өкіл­дерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұр­­ғын­жайдан тыс болғаны үшін – 36, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 20 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

10 адам қоғамдық орындарда бөгде адам­дарға тиіскені, 2 адам тыныштықты бұз­ғаны, 3 адам қоғамдық орындарда темекі шеккені, 3 адам санитарлық-эпидемиялық нормаларды бұзғаны, 3 адам алкоголь өнімдерін сату тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көңіл көтеру орындарының 4 қожайыны кәмелетке толмаған жасөспірімдердің олардың мекемелерінде болуына жол бергені үшін жауапкершілікке тартылды. Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған 157 адам тексерілді.

Бөлісу:
Екі күнде 154 құқықбұзушылық анықталды · Egemen Qazaqstan