Оқиға
1 мин оқу 203

Әлемдік серияның кестесі бекітілді

<p style="text-align: justify;">Пандемияға байланысты биыл садақ атудан жабық ғимараттағы әлемдік кезеңнің бірде-бір жарысы өткізілген жоқ. Алайда қараша айынан бас&shy;тап аталған турнир онлайн түрде ұйым&shy;&shy;дастырылады. Мұны ҰОК-тың бас&shy;пасөз қызметі хабарлады.</p>

Әлемдік серияның кестесі бекітілді

Бірінші кезең 21-22 қараша күндері Швейцарияның Лозанна қаласында, екінші кезең аталған қалада 20 желтоқсан күні шақырту бойынша өтеді. Кейінгі кезеңдері келесі жылдың 15-17 қаңтарында Францияның Ниме қаласында, 10-14 ақпанда АҚШ-та ұйымдастырылады. Тікелей эфирде жарысқа қатысқан садақ атушылар автоматты түрде ашық рейтингке енеді. Әрбір жарыс, сондай-ақ финалдық кезеңдері тікелей эфирде көрсетіледі.

Бөлісу:
Әлемдік серияның кестесі бекітілді · Egemen Qazaqstan