Қоғам
2 мин оқу 291

Көлік нөмірін ұрлау көбейген

<p style="text-align: justify;">Ақша табу үшін неден де болса арланбайтын айлакерлердің әрекеті тыйылмай тұр. Қулығына құрық бойламайтын қаскүнемдер көше бойында қаңтарылып тұрған автокөліктердің нөмірін ұрлап, темір тұлпар иесінен ақша бопсалайтын болған.</p>

Көлік нөмірін ұрлау көбейген

Алматы  қаласының аумағын­да жыл басынан бері көліктердің мем­лекет­тік нөмірлерін ұрлау­дың 21 фактісі тіркеліпті. Әсі­ресе, әлеу­меттік желіні ашып қалсаңыз, біз айтып отырған мә­се­леге қатысты жаз­баларды көп­­теп кездестіресіз. Кейбір же­лі қолданушылары мұн­дай жағ­дайды өз басынан бір­неше мәрте өткергенін жазса, ен­ді біреу­лер оқиға орнынан бей­­­не­­жаз­ба қалдырып, тәртіп сақ­шы­ларына мұңын шаққан. Маман сөзіне сүйенсек, көптеген көлік жүргізушілерін әбігерге салған келеңсіз оқиға шаһарда былайша өріс алып отырған.

– Бұл қылмыстар материалдық-пайдакүнемдік сипатқа ие. Құ­қық бұзушы жәбірленушінің мемле­кеттік тіркеу нөмірлік белгісін алып кетіп, автокөлік иесіне алдын ала дайындалған есепшотына ақша салуды талап етеді. Ақша түскен соң, ұрланған нөмірді жа­­сыр­ған жерін көрсететінін жазып, хат қалдырады. Бұл құқық бұзушылық бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалады. Жыл басынан бері мұндай ұрлықтың бірнеше фак­тісі тіркелген. Күдікті анық­тал­ды. Сонымен қатар біз аза­мат­­тарды қаскүнемдердің жете­гіне ермеуге және дереу «102» пультіне хабар беруге шақыра­мыз, – дейді Алматы қаласының ПД Кри­миналдық полиция басқар­масының бастығы Еркін Іңкәров.

Көлік санының көптігінен көш бастап тұрған мегаполисте мұндай оқиға жыл сайын тіркеліп отырады.  Алматы қалалық Поли­ция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тіркелген 21 ұр­лық­тың 20-сы әшкереленген. Атал­мыш оқиға бойынша үш адам қыл­мыстық жауапкершілікке тар­тылыпты. Нөмірді қайта рәсім­деудің машақатынан қашқан жүр­гізушілер алаяқтардың арбауына көніп, айтқан ақшасын амалсыз аударған жағдайлар да жетерлік. Азаматтарды абай болуға үндеген  мамандар, көлік нөмірін қосымша бекіткіштермен ұстатып, түнгі уақыттарда қалтарыс орындарда қалдырмауға шақырды.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Көлік нөмірін ұрлау көбейген · Egemen Qazaqstan