Тағайындау
1 мин оқу 851

Текелінің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Алматы облысы Текелі қаласының бұрынғы әкімі Бахтияр Өнербаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Белгілі болғандай, Бахтияр Өнербаев Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың кеңесшісі болып тағайындалған.

Нұр-Сұлтанда облыс әкімдігінің өкілдігі бар. Енді бұрынғы әкім сол өкілдікте кеңесші болып қызмет атқарады.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында Текелі қаласы әкімінің аппарат басшысы 1,5 млн теңге парамен ұсталып, қылмысы дәлелденген еді. Осыған орай заң бойынша қоластындағы мемлекеттік қызметкер парамен ұсталса, оның басшысы қызметінен кетуі тиіс.

Бөлісу:
Текелінің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды · Egemen Qazaqstan