Жаңалықтар
1 мин оқу 307

Елбасы теннис турнирінің жеңімпазын құттықтады

01-Akorda-1

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы ITF турнирінің жеңімпазы атанған Қазақстан теннисшісі Кәмила Керімбаеваны телефон арқылы құттықтады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев К.Керімбаеваны спорттағы маңызды жетістігімен құттықтап, оған жаңа жеңістер тіледі.

ITF сериясы жарыстарының әйелдер арасындағы турнирі Халықаралық теннистер қауымдастығының (WTA)  эгидасымен өтіп тұрады. Ол жас теннисшілердің келешекте WTA-ның ірі турнирлеріне қатысуы үшін өткізіледі.  

Бөлісу:
Елбасы теннис турнирінің жеңімпазын құттықтады · Egemen Qazaqstan