Шымкентте карантин режимін бұзған караоке анықталды
<p style="text-align: justify;">Шымкентте түнгі уақытта жұмыс істеп, карантин режимін бұзған караоке анықталды, – деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
2020 жылдың 20 қазанынан 21 қазанына қараған түні Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау АПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары рейдтік іс-шараларын жүргізу барысында М.Дулати көшесінің бойында орналасқан “Shelby” караоке клубының сағат 01:00-де жұмыс істеп, карантин режимін өрескел бұзып жатқандығын анықтаған.
Аталған жайт бойынша нысан иесіне ҚР ӘҚБК-нің 425-бабымен әкімшілік іс құжаттар жинақталып, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жолданылды. Сонымен қатар қорқор (кальян) шеккен үш азаматқа және аталған нысан әкімшілігіне ҚР ӘҚБК-нің 441-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.
