Аймақтар
1 мин оқу 323
Байқоңырда полицейлер контрафактілік сағаттарды тәркіледі
<p style="text-align: justify;">Полиция қызметкерлері Байқоңыр қаласында 21 қазанда өткен рейдтік іс-шара барысында сауда орталықтарының бірінен контрафактілік сағаттарды сатқан жергілікті тұрғынды анықтады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Жедел уәкілдер лицензиялық келісім-шартсыз сауда жасаған тұрғыннан "ROLEX", "DANIEL WELLINGTON", "RADO", "Calvin Klein", "HUBLOT", "TISSOT", "APPLE", "BURBERRY" және "LONGINES" маркалы ерлердің қол сағаттарын тәркіледі.
Қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 198-бабы 3-бөлігінің 2 тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Бөлісу:
