Кино
1 мин оқу 145

Кинотеатрлар еліміздің екі қаласында ғана ашылды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда кинотеатрлар Атырау мен Ақтауда ғана ашылғандығын Kinopark-Kinoplexx компаниясының PR-директоры Ерлан Бұхарбаев мәлімдеді,&nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кинотеатрлар еліміздің екі қаласында ғана ашылды

"Жаңа қаулыға сәйкес Атырау мен Ақтауда Kinoplexx ашуға рұқсат етілді. Бұл екі қалаға 26 қазаннан бастап санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтай отырып, 30 пайыз отырғызумен жұмыс істеуге ресми түрде рұқсат етілген", деді Kinopark-Kinoplexx компаниясының PR-директоры.

Ерлан Бұхарбаев билет құны 1000-нан 3000 теңгеге дейін екенін айтты.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтанда өткен аптадағы коронавирус көрсеткіші алдыңғы аптадағы көрсеткіштен асады. Сондықтан кинотеатрлар әзірше жұмыс істемейді.

Бөлісу:
Кинотеатрлар еліміздің екі қаласында ғана ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар