Аймақтар • 26 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар қашан ашылады?

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева кинотеатрларды ашу туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар қашан ашылады?

"Жоқ, Нұр-Сұлтанда ашылмайды. Мен кинотеатрларға қатысты осыған дейін де айтқан болатынмын. Егер ашылатын болса, ол тек қаулы негізінде ашылады", - дейді Пірәлиева.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанда өткен аптадағы коронавирус көрсеткіші алдыңғы аптадағы көрсеткіштен асады.

"Көбіне мектеп жасындағы балалар мен ересектер ауырып жатыр. Сондықтан кинотеатрлар әзірше жұмыс істемейді. Осымен оныншы күн жасыл аймақтамыз, бірақ көрсеткіш соңғы төрт күнде көбейіп жатыр. Егер 14 күн ішінде біз жасыл аймақта болсақ, сол кезде ғана босаңсуға болады. Бүгін тек 10-күн. Біз босаңсу туралы айта алмаймыз", - деді бас санитар дәрігер.