Аймақтар
1 мин оқу 343

Павлодарда жаяу жүргіншілер жолында екі жасөспірімді қағып кетті

<p style="text-align: justify;">Павлодар қаласында жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолында екі жасөспірімді қағып кетті. Жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;облыстық Полиция департаментнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

"26 қазанда сағат 18.35-те Volkswagen Passat автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі Павлодар қаласында Павлов көшесіндегі 67-үйге қарама-қарсы реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жүріс бөлігін кесіп өткен екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жасөспірімдер жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ полиция өкілдері көліктің айыппұл тұрағына жіберілгенін және тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.

Бөлісу:
Павлодарда жаяу жүргіншілер жолында екі жасөспірімді қағып кетті · Egemen Qazaqstan