Ауа райы
1 мин оқу 410

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

<p style="text-align: justify;">Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Елдің тек батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде күн райы жауын-шашынсыз болады&nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қазгидрометке сілтеме жасап.</p>

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысында желдің екпіні түнде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Бөлісу:
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады · Egemen Qazaqstan