Жарнама
 
Медицина
1 мин оқу 213

"СҚ-Фармация" қоймасында дәрінің 12 түрі жетіспейді

<p style="text-align: justify;">"СҚ-Фармация" қоймаларында коронавирустан емдейтін қордағы дәрінің 12 түрі жоқ, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

"Астана − адалдық алаңы" жобасының жетекшісі Мирас Шекенов: "26 қазанда "Астана − адалдық алаңы" жобасы аясында елордалық антикор қызметі, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, қалалық әкімдік, "Фармацевтика қызметін қолдау және дамыту қауымдастығы" ЗТБ филиалының мамандары "СҚ-Фармация" ЖШС қоймаларындағы қоры тексерілген.

Қазір 8,2 миллиард теңге тұратын дәрінің 44 түрін сатып алу процесі жүріп жатыр. Бұл ай ішінде 60 мың науқасты емдеуге көмектеседі. "СҚ-Фармацияның" мәліметінше, қорда 44 түрлі дәрі болу керек.

"Мониторинг тобы қоймада дәрінің 32 түрі сақталғанын анықтады. Қорда болуы тиіс 12 позиция жоқ, ал бес түрлі дәріні жеткізудің шарты мүлдем жоқ. "СҚ-Фармация" өкілі А.Салиевтің айтуынша қорда болуы тиіс дәрілік зат осы жылдың 20 қарашасына дейін жеткізілуі керек", деді Шекенов.

Бөлісу:
"СҚ-Фармация" қоймасында дәрінің 12 түрі жетіспейді · Egemen Qazaqstan