Аймақтар
1 мин оқу 321

Kaspi бөлімшесіне шабуыл жасағандар ұсталды

<p style="text-align: justify;">Алматыда Kaspi.kz бөлімшесіне шабуыл жасады деп күдікке ілінгендер ұсталды. Бұл турналы Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Алматы ПД Қылмыстық полиция басқармасының мәліметінше, шабуыл жасады деген күдікпен 1985, 1986 және 1992 жылы туған үш ер адам ұсталды.

"Күдіктілер - С. және У. есімді азаматтарды Алматыда қалалық қылмыстық полиция жедел уәкілдері ұстады. Осы оқиғаға қатысы бар үшінші адамды жаңа ғана Оралда Батыс Қазақстан облысының ПД қызметкерлері ұстады. Заттай дәлелдер - ұрланған қаражат тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді, бұл іс бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлімі бойынша тергеу жүргізіп жатыр", - деді полициядағылар.

 
 
Бөлісу:
Kaspi бөлімшесіне шабуыл жасағандар ұсталды · Egemen Qazaqstan