Қоғам
3 мин оқу 400

Көмір бағасы бақылауда болғанын қалайды

<p style="text-align: justify;">Түркістан өңірі тұрғындарының басым көпшілігі қысқа дайындықты кеш бас&shy;тайды. Сары күз &ndash; қазанда күннің жылы болуы қарашаға дейін қамсыз жүруге сеп болады. Бұған қоса бірқатар аудан, ауылдар &laquo;көгілдір отынмен&raquo; қамтылған. Дегенмен үйін көмірмен жылытатындар да аз емес. Оларды жыл сайын қоңыр күзде мазалайтын мәселе &ndash; көмір сапасы мен бағасы. Тапшылық көретіндер де баршылық.</p>

Көмір бағасы бақылауда болғанын қалайды

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық басқар­масының мәлімет­теріне қарағанда, тұрғындардың көмірге қажеттілігі 732,3 мың тонна болса, тасымалданғаны – 414,8 мың тонна (57%). Яғни өңір тұрғындарының арасында көмір түсірмегендері әлі де көп. Тағы да ресми мәліметке жүгінсек, облыс тұрғындарына Шұбаркөл көмір бағасы тұйығы бар елді мекендерде 14 000-16 500 теңге аралығында сатылуда. Алайда тұрғындар айтып отырған баға басқа.

Көмір бағасының жоғары болуы көктемнен бастап карантин­нен титық­таған халықтың қалта­сына салмақ салып жатқанға ұқ­сайды. Мәселен, Шардара қала­сы тұрғындарының айтуынша, cексеуіл жағуға тыйым салынған. Сондықтан үйлерін көмірмен ғана жылытады. Яғни жыл сайын бір отбасы кемінде 5-6 тонна түсіреді. Биыл «қара отынның» тоннасы тұрғындарға 28 мың теңгеге түскен. Көп балалы отбасылар үшін бұл қымбат. Сарыағаш пен Арыстан көмір тасымалдап са­татын жеке кәсіпкерлер ба­ға­­ны, әрине өздері белгілейді. Ал Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында үш көмір түсіретін тұйық бар. Соған қарамастан көмірдің тон­на­сы 22 мың теңге шамасында болып отыр. Күн суытқан кезде бағаның одан да қымбаттауы әбден мүмкін. Осы орайда тұрғындар табысы аз халықтың қыс мезгілінде то­ңып қалмауы үшін көмір баға­сына жергілікті атқарушы би­лік бақылау жасауы тиіс деп есеп­тейді. Шекті баға қойып, одан жо­ғары бағада сатқандарға шара қол­да­нылған жөн санайды.

Отырар ауданы Темір ауылына теміржолмен әкелінген көмір екі жерге түсіріледі екен. Соған қа­ра­мастан баға жоғары – 16 800 теңге. Тұрғындар таразыдан ал­данып жүргендерін, оны ба­қы­лап, шара көріп жатқан еш­кім жо­ғын айтады. Көрші Арыс қала­­сынан көмірдің тоннасын 13 500 теңгеден әкеліп жатқандар бар екен. Бірақ бұл мүмкіндікті көп­шілігі пайдалана алмайды. Ол үшін жеке жүк көлігіңіз болуы қа­жет. Көмір келгенде Темір ауылы­на басқа ауданның көліктері толып кетеді екен. Сол себепті кейде кезек күтуге тура келеді. Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылының тұрғындары көмірдің тоннасын 17-20 мың теңгеден түсіріп жатыр екен. Соған қарағанда «Богатырь» көмірі – 17 мың, «Шұбаркөл» көмірі 20 мың теңге болса керек. Яғни көмірдің бағасына арадағы делдалдар мен тасымалдаушылар елеулі әсер етуде.

Ресми мәліметтерге жүгінсек, облыстағы бюджеттік мекеме­лер­дің, жылу беретін кәсіпорын­дар­дың және тұрғындардың тұр­­мыстық-шаруашылық жағ­дай­лардағы көмір отынына жалпы қажеттігі – 1 003,3 мың тонна, тасымалданғаны 605,5 мың тонна (60%), оның ішінде бюджеттік мекемелер толық қамтамасыз етілген. Ал орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін кәсіп­орындардың көмірге қажеттілігі – 103,4 мың тонна, тасымалданғаны – 23,3 мың тонна (22,5%). Облыс бойынша 586 көп қабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі. Оның 442-сі қысқы маусымға дайындалған. Ал алдағы жылу маусымына дайындау жоспарланған 2 623 бюджеттік мекеменің бүгінде 2253-інде дайындық жұмыстары жүргізілген.

Қыстыгүні қатынастың үзіл­меуі де маңызды. Бұл орайда, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары қысқы мерзімде күтіп ұстау жұмыстарына да­йын. Жолаушылар көлігі және автомо­биль жолдары басқармасының бө­лім басшысы Шерзат Сүтті­баев­тың айтуынша, жалпы 4152,34 ша­қырым жолдың 1943,3 шақырымы – бірінші кезектегі қардан тазаланып, инертті материалдар себілетін жолдар. Оның ішінде 434 шақырымы – таулы өңірлердегі қар қатты басып қалуы қаупі жо­ға­ры аймақтар. Ал облыстық ма­ңыздағы жолдарды қыс мезгілінде күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен 69 млн теңге қаралған, 354 жұмысшы мен 124 техниканы жұмылдыру жоспарланған. Қыс мезгілінде халықтың қауіп­сіз­дігін қамтамасыз етуге шұ­ғыл әре­кеттерді жасауға жол мекеме­лері­мен жедел хабарландыру сызбасы бекітілген.

«Сонымен қатар күн райының қолайсыз мезгілінде жолда қалып қойған жолаушыларға жағдай жасау мақсатында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бо­йында 4 жылыту бекеті орналас­қан. Атап айтқанда, Бәйдібек ауда­нын­да, «Қошқарата-Жа­рық­бас-Бірлік» автомобиль жолы­ның 28-ші шақырымында «Шы­бықбел» және «Ұланбел-Созақ-Шаян-Екпінді» автомобиль жолы­ның 605-ші шақырымында «Одаманбұлақ» жылыту бекеттері бар. Сондай-ақ Созақ ауданында «Жамбыл облысының шекара­сы-Құмкент-Шолаққорған-Кентау» ав­томобиль жолының 63-ші ша­қырымында «Ащысай» және «Ұланбел-Созақ-Шаян-Екпінді» автомобиль жолының 593-ші шақырымында «Таскөмірсай» жылыту бекеттері ораналасқан. Барлық жылыту бекетін жылы күйде ұстау мақсатында кезекші қойылып, 60 тонна көмір отыны­мен қамтамасыз етілді», дейді Шерзат Анарқұлұлы.

Сондай-ақ жолдардың жай-күйін күнделікті бақылау және төтенше жағ­дайлар департа­ментімен дер кезінде ақпарат алмасу үшін тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылған.

 

Түркістан облысы

Бөлісу:
Көмір бағасы бақылауда болғанын қалайды · Egemen Qazaqstan