Спорт
1 мин оқу 291
Садақ атудан Алматы облысының өрендері озды
<p style="text-align: justify;">Алматының дәл іргесіндегі Талғар қаласында садақ атудан ерлер мен жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бірер күнге созылған жарыс барысында Алматы облысының өрендері өздерінің мықтылығын мойындатты. Барлығы 11 алтын, 4 күміс және 6 қола медальді олжалаған олар жалпы есепте алдарына жан салмады. Екінші және үшінші орындарға Шымкент пен Алматы қалаларының құрама командалары жайғасты.
Тарқатып айтсақ, Оңтүстік өңірден келген оғыландар 17 (3 алтын+10 күміс+4 қола) жүлде алса, Алатау байрауының өкілдері 10 (3+3+4) мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.
Бөлісу:

