Әлем
1 мин оқу 330

Грузияда бір тәулікте үш мәрте жер сілкінді

<p style="text-align: justify;">Грузия елінің батысында магнитудасы 3.5 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.</p>

Жерасты дүмпуі 4 қараша күні, Тбилиси уақытымен сағат 23:57-де тіркелген. Зілзала аудан орталығы Ониден (Рача-Лечхуми және Квемо Сванети аймағы) оңтүстікке қарай 9 шақырым жерде болған. Тереңдігі – 12 шақырым.

Қираған ғимараттар туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Соңғы тәулікте Грузияның батысында үш жер сілкінісі болды. Сағат 18:04-те және 18:05-те аудан орталығы Онидің маңында және Сахчере қаласына (Имеретия аймағы) жақын жерде магнитудасы 3.5 және 3.6 жерасты дүмпуі тіркелген.

Бөлісу:
Грузияда бір тәулікте үш мәрте жер сілкінді · Egemen Qazaqstan