Аймақтар
1 мин оқу 475

Сайқында ойын алаңы ашылды

<p style="text-align: justify;">Ба&shy;тыс Қазақстан облысындағы Бөкей орда&shy;сы ауданының орта&shy;&shy;лығы Сай&shy;қын ауы&shy;&shy;лында балаларға арналған ойын ала&shy;&shy;&shy;ңы ашылды.</p>

Сайқында ойын алаңы ашылды

Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайқын ауылында Ш.Шағыров көшесін­де­гі сая­бақтың ішінде жаңадан бала­ларға арналған ойын ала­ңы ашылды. Құны 13 млн тең­ге­ні құрайтын балалар ала­ңы «Өңірлерді дамыту» бағ­­дар­ламасы арқы­лы іске асыры­лып, қол­данысқа бе­ріл­­ді. Аталмыш жо­баның мер­ді­ге­рі – «Батыс­Кот­ло­Монтаж» ЖШС.

Саябақ іші жарық­шам­дар­мен жарық­тан­дырылып, брусчаткалар төсе­ліп, көп­ші­лік демалатын орын­дық­тар, әткен­шек­тер, сырғанақ, стрит воркаут, тағы басқа ойын құрыл­ғылары орнатылған.

Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Нұрлан Ра­хым­­­жанов балғындардың игі­­­лі­гіне берілген ойын жаб­дық­­­тарына сал­ғырт қарамай, ұқып­­ты ұстауға, қоғам ал­дын­дағы жауапкершілікті сезінуге ша­­қыр­ды.

Бөлісу:
Сайқында ойын алаңы ашылды · Egemen Qazaqstan