Ауа райы
1 мин оқу 480

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

<p style="text-align: justify;">2020 жылғы 07-09 қарашаға арналған ауа райы болжамы бойынша жауын-шашын мен желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігіне Ақ теңіз аудандарынан келетін циклон жырасы әсер етеді. Жауын-шашын өтеді, оңтүстік және шығыс бөлігінде кезең соңында қатты жауын-шашын болады. Елдің басым бөлігінде жел күшеюі күтілуде. Кей жерлерде тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын болады.

Бөлісу:
Елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі · Egemen Qazaqstan