Аймақтар
1 мин оқу 420

Өткен күннен бір белгі

<p style="text-align: justify;">Зардабы әлі толық жойыла қоймаған Екінші дүние&shy;жүзілік соғыста қол&shy;да&shy;нылған қару-жарақ&shy;тар көп кездеспейді. Дегенмен өткен күннің ұмы&shy;тылмас бел&shy;гісіне айналған қару&shy;дың бірі облыстық тарихи-өл&shy;кетану музейінің қорында сақтаулы тұр. Бұл &ndash; әйгілі &laquo;Максим&raquo; пулеметі.</p>

Өткен күннен бір белгі

Тарихи дерекке сүйенсек, бұл қаруды британдық өнертапқыш Хайрем Стивенс Максим 1873 жы­лы ойлап тапқан екен. Бастап­қы кездегі салмағы – 240 кило, калибрі – 11,43 мм. Кейін­нен «Бердан» мылтық патро­ны­ның калибріне ауыстырылып, салмағы 64 килоға дейін же­ңілдеген. Осындай тарихы бар пулеметті музей қорына 1970 жылы «ДОСААФ» Гурьев облыс­тық спорттық атқыштар клубы тапсырыпты.

– «Максим» Екінші дүние­жүзілік соғыста кеңестік пуле­метшілердің басты қаруы болды. Оны соғыс кезінде, әсіресе артиллерияда, танктерде, бронды машиналарда, авиацияда ке­ңінен қолданды. Мәселен, Кеңес Одағының Батыры атан­ған қа­зақтың қайсар қызы Мән­шүк Мәметова осы пулеметпен жауға қарсы минутына 600 оқ жаудырған, – дейді музей қызметкерлері.

Атырау облысы

Бөлісу:
Өткен күннен бір белгі · Egemen Qazaqstan