Аймақтар
1 мин оқу 314

Ақтөбе-Орынбор автожолында жол-көлік оқиғасы болды

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе-Орынбор автожолында жол-көлік оқиғасы болды, &ndash; деп хабарлайды Polisia.kz.</p>

9 қараша күні сағат 16.12-де патрульдік полиция ротасының кезекші бөліміне Таңерберген өзені мен Сарыжар ауылы арасындағы Ақтөбе-Орынбор автожолында жол-көлік оқиғасы болып, “Тoyota Corolla” және “Газ-53” автокөліктерінің соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты, онда”Тoyota Corolla” автокөлігінің жүргізушісі Мәртөк ауылынан Ақтөбе қаласы бағытында 33 км жүріп бара жатып рөлде ұйықтап, қарсы қозғалыс жолағына шығып, “ГАЗ-53” а/м-мен соқтығысқандығы анықталды. Ж

ол-көлік оқиғасы салдарынан “Тoyota Corolla” автокөлігінің жүргізушісі Мәртөк кентіндегі аурухананың аудандық бөлімшесіне жеткізілді. Сараптама нәтижелері бойынша екі жүргізуші де масаң күйде емес. Көлік салонындағы жолаушылар зардап шеккен жоқ.

Бөлісу: