Қазақстан
1 мин оқу 122

Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады

<p style="text-align: justify;">11 қараша, сәрсенбі күні елімізде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына Салехард аймағынан келетін циклон әсер етеді. Осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республиканың кей жерлерінде жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді, тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел қарқыны - 15-20 м/с.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз желдің екпіні 23 м/с жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел жылдамдығы 25 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында күндіз желдің күші15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында жел қарқыны - 15-20 м/с. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Бөлісу:
Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады · Egemen Qazaqstan