Аймақтар
1 мин оқу 254

Отандық сауда флоты биыл 1,8 млн тонна жүк тасымалдады

<p style="text-align: justify;" align="justify">2020 жылдың 10 айының қорытындысында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жүктерді ауыстырып тиеу өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде болды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Жүк автокөлік құралдарын ауыстырып тиеуде біршама өсім бар.

Отандық сауда флоты осы кезеңде Каспий теңізіндегі порттар арасында 1,8 млн. тоннадан астам жүк, оның ішінде Ақтау – Баку фидерлік желісімен 10,6 мың контейнер тасымалдады.

Ішкі су жолдары бойынша биылғы 10 айда жүк тасымалдау көлемі шамамен 1,44 млн. тоннаны құрады. Оның 233 мың тоннасы Ресей бағытында тасымалданды.

Бөлісу:
Отандық сауда флоты биыл 1,8 млн тонна жүк тасымалдады · Egemen Qazaqstan