Қоғам
1 мин оқу 490

Жыр додасы жарияланды

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы "Көңілде алаң басылса..." атты қалалық жазба ақындар мүшәйрасын жариялап отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жыр додасы жарияланды

Мүшәйраға 35 жасқа дейінгі елордада тұратын ақындар қатыса алады.

Бүгінгі бүкіләлемдік пандемия жағдайындағы адамзаттық ахуал, карантиндік алаң көңіл-күй, сақтық шаралары жайында жалпыжұртқа поэзия тілімен ой салатын 1 өлең, еркін тақырыпта 1 өлең жазған әрбір ақынның қатысуына мүмкіндік бар.

Мүшәйраға өлеңдер 2020 жылғы 25 қарашаға дейін қабылданады. Шығармаларды qalamger_astana@mail.ru электронды поштасына жолдау қажет. 

ЖҮЛДЕ ҚОРЫ: 

Бас жүлде (біреу) - 500 000 теңге;

Бірінші орын (біреу) - 300 000 теңге; 

Екінші орын (біреу) - 200 000 теңге;

Үшінші орын (екеу) - 150 000 теңге; 

Ынталандыру сыйлығы (үшеу) - 100 000 теңге. 

Бөлісу:
Жыр додасы жарияланды · Egemen Qazaqstan