Аймақтар
1 мин оқу 145

Карантинде той жасаған павлодарлықтар жауапқа тартылады

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысында эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты мониторингтік топтың жұмысы күшейтілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Карантинде той жасаған павлодарлықтар жауапқа тартылады

Алайда, карантиндік шектеулер күшейтілгеніне қарамастан, өңірде отбасылық іс-шараларды өткізу жағдайлары тоқтамай тұр. Мейрамхана иелерінің арасында жүйелі түрде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзатындары да бар.

Тек соңғы аптада облыста көлемінде той өткізудің 7 фактісі тіркелді, олардың көпшілігі демалыс күндері болған.

Мәселен, 6 қарашада Екібастұз қаласында "Бәйтерек" мейрамханасында 60 адамға арналған үйлену тойы өткен. 7 қарашада облыс орталығындағы "Саида Плаза" мейрамханасындағы тойға одан да көп қонақ жиналған.

8 қараша күні "Алтын ғасыр" мейрамханасында қонақтар "Құдалықты" атап өткен. "Барс" мейрамханасында бір уақытта "Қыз ұзату" мен мерейтой тойланған.

Барлық бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғаларға мониторингтік топ өкілдері тарапынан әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Бөлісу:
Карантинде той жасаған павлодарлықтар жауапқа тартылады · Egemen Qazaqstan