Хоккей
1 мин оқу 160

«Барыс» оңбай жеңілді

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың &laquo;Барысы&raquo; тұрақты біріншіліктегі кезекті ойынын Ярославльде &laquo;Локомотив&raquo; клубымен өткізіп, ірі есеппен жеңіліп қалды.</p>

«Барыс» оңбай жеңілді

Жасыратыны жоқ, бұл матчта «Локо­мотивтің» бас бапкері Андрей Скабелка өзі екі жыл басқарған қазақстандық команданың осал тұсын таба білді. Нәтижесінде, Ярос­лавль командасының ойыншылары өз айдынында өткен кездесуде «Барыс» қақпасына 7 шайба соқты. Бұл – елордалық клубтың осы маусымдағы ең ірі жеңілісі.

Кездесудің есебі небәрі 11-секундта-ақ ашылды. Өткен маусымда «Барысты» өрге сүйреп, бұл маусымда «Локомотивтің» намысын қорғап жүрген финляндиялық қорғаушы Атте Охтамаа кездейсоқ шайба соғып көзге түсті. Ал 2018/2019 жылы «Барыс» клубында ойнаған швециялық ша­буылшы Андре Петерссон 18 және 31 минуттарда «Барыс» қапасын екі мәрте дәл көздеді. Сондай-ақ «Локомотив» құрамынан Егор Аверин (4-минут), Денис Алексеев (33-минут), Егор Коршков (34-минут) және Владимир Ткачёв (45-минут) өз есімдерін таблоға жаздыртты. Ал «Барыс» клубынан бұл ойында Виктор Сведберг (15-минут) пен командаға жуырда ғана қосылған канадалық қорғаушы Диллон Хетерингтон (53-минутта) көзге түсті.

Елорда командасы біріншіліктегі келесі кездесуін бүгін Нижнекамскінің «Неф­техимик» клубымен өткізеді. Бұдан кейінгі үш кездесуі Қазақстанда ойналады.

Бөлісу:
«Барыс» оңбай жеңілді · Egemen Qazaqstan