Теннис
1 мин оқу 115
Турнирді жеңіспен бастады
<p style="text-align: justify;">АҚШ-тың Кэри қаласында өтіп жатқан теннистен ATP Challenger аясындағы турнирде жерлестеріміз жұптық кездесулерін сәтті бастады.</p>

Александр Недовесов пен Андрей Голубев бірінші кездесуде Трит Хьюи (Филиппин)/Роберт Галлоуэй (АҚШ) жұбынан басым түсті. Кездесу 1:6, 6:4, 7:10 есебімен аяқталды. Келесі кезеңде отандық теннисшілер Денис Новиков (АҚШ)/Теймураз Габашвили (Ресей) жұбымен ойнайды.
Польшалық Питер Поланскимен жұптасып өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық спортшы Дмитрий Попко да жеңіске жетті. Олар Роберто Сид Суберви (Доминикан Республикасы)/ Даниэль Элаи Галан (Колумбия) жұбынан айласын асырды.
Бөлісу:
